Жайқалып жапырақ
Кең дала жадырап
Ән салып құс біткен.
Дүние болып шат
Оянып махаббат
Сыр тартып жүректен.
Гүрілдей су тасып
Бәйшешек гүл шашып
Жер беті сәнденді.
Кілемдей түрленіп
Нұр төгіп, гүлденіп
Құлпырып жаз келді!
Қолхозды ауылым
Кең жайып бауырын
Қайтты әне егістен!
Отаным болсын мәз
Тілейік: биыл жаз
Өтсін деп жеңіспен!
Ілияс Есенберлин