ДӘРИҒАНЫҢ ӘНІ

 
Ұшырдым сұңқарымды алыс жаққа
Бақытқа, қуанышқа, болашаққа.
Алдында не бар оны күтіп тұрған
Дауыл ма? Әлде шатты күн шуақ па?
Қайырмасы:
Айналайын, жас Жанайым,
Жүзіңнен көрейін мен таң арайын.
Әлі әбден жетілмеген балапаным,
Үміттің анаң жайды алақанын
Күтермін аңсап сені санап сонау
Өмірдің батар күнін, атар таңын.
Қайырмасы:
Айналайын, жас Жанайым,
Жүзіңнен көрейін мен таң арайын.
Бақытты болсын, қалқам, қуған ісің.
Жетіліп, тез шынықсын қуат, күшің.
Ерте кел қанатыңмен ел-жұртыңа
Тамаша самал желін қуаныштың.
Қайырмасы:
Айналайын, жас Жанайым,
Жүзіңнен көрейін мен таң арайын.
 
Ілияс Есенберлин

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *