Басылмай желік көңіл

Под шум и звон однообразный,
Под городскую суету
Я ухожу, душою праздный,
В метель, во мрак и в пустоту…
А.Блок
 
Басылмай желік көңіл,
Құстардың көшіне ердім.
…Тағы да елітті Өмір,
Тағы да есірермін…
Төсінде сор қаланың –
Жазмышым таңбаланған.
Адасты жолда бағым,
Адасты аңғал арман.
…Түнемел.
Қызыл іңір.
Көшелер күрсінді үнсіз…
Шыбынның ызыңы «жыр»,
Тағы сол…тылсым нұрсыз.
Даладай кең көңілім
Тар үйдей тарылғаны…
Қанша екен енді өмірім –
Қамшының сабындағы?.
 
Саян Есжан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *