Бір белгі жоқ жанарында мезгілдің –
Уақыт – құм.
О, Қараша, мұңыңды бір сездіргін,
Бақытпын!
Жұбатамын түніңді анау күрсінген,
Күніңді.
Жұбатамын кеудемдегі тылсыммен,
Ғұмырды.
Қара Жерді әлдилеймін бұл түні,
Аспанды да уатам.
Дүниенің ілінгенше кірпігі –
Атқанынша құба таң.
Желді де анау аласұрған қырларда
Әлдилеймін сен, оған!
Ғазалымды тыңдатамын құмдарға,
Жылдарға анау кералаң.
Қол ұстасып кетіп барам мезгілмен,
Сүрілмеген ғасырға.
…Ғаршы жақтан тамған нұрлы
Сөзбін мен,
Расында!.
Саян Есжан