Ақшам

 
Көкше көкте ақша бұлт
Көміліп күн нұрына,
Жел байырқау, жер сұлық,
Қызғыл
алтын шұғыла.
Ақ шашты ана
ала асқар
Оқыды сам жығыла.
Жау көргендей
жартастар
Жамылды тұман
дулыға.
Қабағын
түйіп қоңыр
күз,
Қарағай
, қайың қалтырап;
Талда аңырап әнші құс,
Таста суыр тантырап.
Жазыла есінеп жапан қыр,
Маужырар сұлап,
балбырап,
Даладан, таудан,
көшті нұр,
Салбырап, сам жамырап.
Тауды тұман
бөкселеп,
Өзен
төлі жамырайды.
Көз жұмғанда көкше көк,
Көсіліп жер тымырайды.
 
Ілияс Жансүгіров

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *