АЛМА БАҒЫНДАҒЫ ЖЕҢГЕЙДІҢ СӨЗІ

 
(Мичуриншіл бақшашыларға арналды)
Қалың ағаш бағым бар
Алмаларым сыңсыған
Ең піскенін таңдап ал
Құрбым саған ұсынам.
Өсірдім мен, шығардым.
Жаңа түрін ерінбей
Қызылдығы қыздардың
Бейне шие еріндей.
Дәмі қанттан кем емес
Тәттілігі бөлекше,
Суықтықты елемес,
Алмам менің ерекше.
Қызыл алмам түсіндей
Қызыл жұлдыз алдым мен
Шашып, төгіп үсірмей
Жидым елдің алды мен
Құрбым бүгін жеңгеңнің
Ісі жұрттан асып тұр.
Еңбегінің өнгенін
Көріп көңлі тасып тұр.
Жақсы көрді сыйлыққа ұсынғанды.
Түсінде де таласып «достарымен»,
Тағдыр солай, ол әбден ысылған-ды.
Арғымағы болса да арық тіпті,
Аламанда әйтеуір жарып шықты.
Тірескенің біразы шыдамады,
Тізесі де қатты еді жарықтықтың.
Саялайтын кісісін саялайтын.
Аялайтын адамын аялайтын.
Ағайын деп жатпайтын,
Ағайынды,
Аямайтын жерінде аямайтын!
Елім дейтін, әйтеуір жерім дейтін.
Ер үстінде ешкімге берілмейтін.
Жазуға да әрине, жалықпайтын,
Егеске де шіркін-ай! Ерінбейтін!
Сызат көрсе біреулер жарық десті,
Сырқат көрсе біреулер ғаріп десті.
Кемеңгер бір жазушы деген оны
Көрмедім-ау бір де бір әріптесті.
 
Ілияс Есенберлин
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *