Тарықса жаным,
Ауырса тәнім,
Сүйеуім бар демейтін.
Ол болса менде,
Қозғалса жер де:
«Бұ не болды?» – демейтін
Жан сүйгенім – ол да өлең,
Жете алмасам, жолда өлем!
Жанымның жаны,
Тәнімнің қаны,
Тіршілігім сенімен.
Ойландым – тоймадым,
Іздедім – қоймадым,
Кеңес біраз менімен.
Естісе сені – жан иір,
Бағаң білмес көп сиыр!
Мағжан Жұмабаев