К…ге

 

Күніңмен алтын қуантпай,
Гүліңмен жібек жұбатпай,
Жеттің де, тез өттің, жаз.
Ағаш, шөптер қуарған,
Айдын да құрып суалған,
Қаңқылдар қайда қоңыр қаз?
Өң мен түстей, перизат,
Көріндің де, болдың жат,
Жандырдың, міне, жанымды.
Қараған көктен хор едің,
Көбірек көрсем деп едім,
Көк есігі жабылды…

Мағжан Жұмабаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *