Көктің сансыз көздері,
Алдамаңдар ойнақтап.
Шақырғанмен бара алман,
Бұлт, тез шық та, бетін жап!
Қара жерден кете алмас
Мен бір сорлы байлаулы:
Жердің жауыз желімен
Ерсіл-қарсыл айдаулы.
Амал не көнбей? Сонда да
Бір өкпем бар Аллама:
Сезгіш жүрек, ұшқыр жан
Неге бердің пендеңе?!
Жаратқан соң жерден сен,
Берсеңші жердей тыныш жан.
Болар іс болды. Сұраймын:
Не дейді, білдір, бұл аспан?!
Мағжан Жұмабаев