АЛДАМШЫ ӨМІР

 
Алдамшы өмір ылғи ғана у береді,
Өмір шіркін шамдай ақырын сөнеді.
Қара қайғы қалыңдады тым бүгін,
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді.
Өмір шіркін шамдай ақырын сөнеді,
Алтын үміт тотығады, өледі.
Кешегі күн – қойнымдағы сұм қиял,
Бүгін алыс менен, сылқ-сылқ күледі.
Өмір шіркін бықсып ақырын сөнеді,
Үміт шіркін тотығады, өледі.
Өлді үміт, мен де ұзамай өлемін,
Соққы жеген сорлы жүрек біледі.
Өмір шіркін көз алдымда сөнеді,
Қиял – алыс, келемеж ғып күледі.
Өмір сөнед, үміт өлед, не қалды?
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді.
 
Мағжан Жұмабаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *