СЕН КІМ ЕДІҢ?


..Мен тастап кеткен қыз сыртыңнан,
Отырам кешірім сұрап мен…
Марат Отарәлиев.
Ол ақынды көрге бір-ақ тепкенбіз,
Ол ақынсыз өтіп жатыр көктем, күз…
Келді менің енді өзіңді бір көргім,
Сен кім едің, Марат тастап кеткен қыз?!
Сені іздеп пәк көңілім шынайы,
Сен кім едің, қыз біткеннің Құдайы?!
Қай қиырдан табыласыз енді сіз,
Белгісіз,
Бір ағайдың жұбайы.
Таныр болсам сен кім едің демес ем,
Ақынға жар бола алмадың неге сен?
Талай жанды дүниеге әкеліп,
Абайжанды таба алмаған жеңешем…

Табылды Досымов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *