Мойындату


Қара түнге қайрадым намысымды:
Маңайлаттым мұң ішіп алысымды.
Шыр еттім де, шектеулі сапар шеккем,
Орда жетпей қамшының сабы сынды.
Қол бұлғарда қайғымменен реңдес Күн,
Жұлдыздарды доғалған түгендестім.
Падишасын жоқтады патша көңіл,
Тәңір жаққа тепсінді күрең бестім.
Жігер отын жандырдым шапшаң барып,
Бұрын тоқтата алмап ем тоқсан налып.
Күреңімді қамшысыз көкке өрлеттім,
Көсіп-көсіп аттым да… шақшамды алып.
Көкке қарай кер мінез байқатқасын,
Енді кімін жіберіп айтақтасын.
Көптен бері көрінбей кеткен Құдай,
Көк жүзінде тұр екен шайқап басын…


Табылды Досымов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *