Жаңбыр жауса,
Қататындай Алматы үн,
(Көкірегіне қалдырыпты мәңгі атын)
Мұңданады туған жерден кете алмай,
Тұлданады жетеріне жете алмай,
Шырмалады жер-шідерге сорлы ақын.
Алматысыз жетпейтіндей бірдеңе,
Қайғы-құмда қайырлауда жыр-кеме.
Тума бауыр тапса-дағы көңілін
Торығумен өткізуде өмірін
Туған ауыл дейтін «Ұлы» түрмеде…
Арман ойы болғанменен мәңгі ұлы,
Алматымен тоқайласпай тағдыры.
Кеселі көп, нөсері жоқ өлкеде
Сағыныштан жан-жүрегі өртене
Жанарының тыйылмайды жаңбыры…