«Ақиқат пен аңыз» романынан

Ел билеу? Ел билеу оңай тисе, халық тiзгiнi қолында болған адамның бәрi де ел аузында қалмас па едi? Қазақ тарихында жүздеген хан менен мыңдаған сұлтандар өттi. Солардың халық жадында калғаны саусақпен санап аларлықтай. Хан тағына жету кейде оңай болғанмен, хан тағында отыру әрқашан қиын түскен. Өйткенi оған тек қана күш емес, ақыл, айла саясат керек. Бұл қасиеттер бiреуде бар, бiреуде жоқ…
Абылай ел билеу iсiнде көбiне Есiм хан тәсiлiне көңiлiн көбiрек аударатын. Тiкелей оның жолын ұстамағанмен, кей тәсiлдерiне өз iсiнде қолданып отыратын. Бұған да себепкер болған бәз-баяғы Бұхар жырау. Ол бiр күнi Абылайдың бесiншi атасы Есiмханның тарихын оған айтып берген:
Хан тағдыры — халық тағдыры емес, — деген Бұхар жырау, — кейде жауы бiр, тартысы бiр болып, қан майданда бiрге қаза тапқан күнде де, жатар моласы бөлек. Тек тарихтан азды-көптi iсi халық ойынан шықса, сондай ханды ғана қазақ елi есiнде қалдырған. Соның бiрi — Есiм хан.
Хаджири есебi бойынша бiр мың сегiзiншi жылы, яғни бiздiңше бiр мың алты жүзiншi жылы, — деген Бұкар жырау Абылайға, — Тәуекел ханның орнына қазақ елi жиырма екi жасар Есiмдi хан көтердi.


А.НҰРШАЙЫҚОВ, , «Жазушы» баспасы, Алматы, 1992 жыл, 337-338 беттер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *