…Атаман Анненков елдің басшыларын (болыстарын) шақырып съезд жасады. Съезге он екі болыстан бес кісі келді…
…Одан соң болыстардан болыс басы 10 жігіттен сұрады. Қазақтар бермек болды. Ол жігіттер әскер өнерін үйреніп, әр болыстың ішінде гарнизон болып тұрады… Атаман Анненков қазақтың оқыған, басшы, жұрт ағасы адамдарын (Әлихан, Мұқаметжан, Ахметжан, Жайнақұлы) білетінін айтқанда, қазақ шу етті. «Біздің әкемізден артық көретін кісілерімізді біледі екенсіз! Олар «жат!» десе жатамыз, «тұр!» десе тұрамыз», — деп, сонда Анненков айтты: Оларды Жетісу қазақтарының атаманы Афонов жек көреді, «автономия алмаққа жармасады» деп, мен қазақтың ол азаматтарына сенемін! Қазақ пен орыс арасында от жағып, Афонов шағыстырып жүр: Афонов, менің қазаққа мылтық бергеніме де, қазақ полкін жасағаныма да қырын қарап жақтырмайды, — деді.
Анненковтың тілмашы — Кеңсебай Үмбетбайұлы