ӨКПЕ-НАЗ



Мына алла шыныменен қарғады ма?
Рахымсыз тұрмысым алдады ма?
Өмірлік досым деген мына адамға,
Беделім бес тиындық қалмады ма? Яу!
Көңіл қымбат алтыннан,
Білмес оны қандай жан.
Мен — бақытсыз бала құс,
Қанаты отқа шарпылған!
Ойым — қыс, жүрегім — жаз, көңілім — көктем,
Басым — бұлт қар жаудырып, нөсерлеткен.
Қамқоршым — қағаз, қалам, жүйрік қиял,
Жабырқау жас жүректі еңіреткен. Яу!..
Сайра, сайра, қызыл тіл!
Ерік сенде, өзің біл!
Деуші едің ғой, қалқажан:
“Өмір — күрес, көңіл — гүл!”.

Мұқағали Мақатаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *