ЖЕР БАСЫП ЖҮРГЕНІҢДЕ…

Құрып кетпей, жер басып тұрғаныңда
Қалай ғана жағарсың бұл қауымға?
Талай рет мойныма арқан салып,
Талай рет шақ қалдым жындануға.

Біле тұра бірісі білмегендей,
Теріс қарап кетеді, тілге келмей.
Жабыла кеп жармасып, олжалайды,
Жаудан түскен түйені жүндегендей.

Түйткіл ой жүр түнерген көкейімде,
Қайтсем екен!
Жоқ болып кетейін бе?!
Сырымды да жырымды ашпай барып,
Қалсам ба екен қап-қара тасқа айналып!

Қалай ғана жағармын бұл қауымға,
Бірдемесін бүлдіріп, ұрладым ба?
…Қандай еді серінің салған әні —
«… Бектергінін қор болған тырнағында»…
Мұқағали Мақатаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *