БАҚЫТЫҢДЫ ЖЫРЛАЙДЫ

 

Жыламашы, шырағым,
Күңіренген қобыздың
Бұрамашы құлағын.
Ұмыт болып мына күн, сейіледі мұнарың.
Жыламашы, шырағым,
Шашыратып шуағын,
Мен білемін мына күн шұғыламен тынарын.

Аттанады мына күн, ашылады аспаның,
Шашылады аспанға сенің жаһұт тастарың.
Сонау алыс асқарға асылады шашбауын,
Шашырайды басқа нұр, қосылады бастарың…

Шаттық пенен қуаныш,
Өкініш пен мұң-қайғы
Өмір бақи тұрмайды, алма-кезек зулайды.
Жыла, жаным, жылай бер…
Мен де мәңгі тұрмаймын.
Зарыңды кім тыңдайды?
Ертең келіп басқа ақын, бақытынды жырлайды.
Мұқағали Мақатаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *