ӘКЕМ ТУРАЛЫ СӨЗ



Әке, әке, әке қымбат, әрине,
Сол қамқоршы семьяға, әр үйге.
— Көп жыл болды, ол өмірден кеткелі,
Бірақ менде елесі жүр әлі де.

Ол жас еді, Октябрьмен бірге өскен,
Ол емес-ті күнін босқа түгескен.
Оның өмірі күреспенен басталып,
Оның өмірі аяқталды күреспен.

Отан үшін, семья үшін, мен үшін,
Аямады ол не өмірін, не күшін.
— Тәрбие ал, — деп, қалдырыпты ол маған
Коммунистік ерлік ісін, жеңісін.

Әрқашанда қарапайым кіші еді,
Менің әкем міне осындай кісі еді.
Есіме алам… Есіме алсам, мақтанам:
Коммунистік партияға ол мүше еді!
Мұқағали Мақатаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *