САМАЛ ЕСТІ

Самал есті, даладан, сай жақтан ба?!
Аппақ іңір тауларды ойлантқан ба?
Аспанға сүт әлдекім қайнатқан ба?!
Кілегей тұр меймілдеп қаймақтанған.

Жайлау еді,
Жайлы бір іңір еді,
Жұлдыз тамып кетердей кідіреді.
Өзеніне асыққан өрім-бұлақ,
Төмен қарай төскейден жүгіреді.

…Қай тұста еді, құдай-ау, қай манда еді?!
Маған құшақ сол жанның жайған жері?
Алғаш біздер ақ гүлін таптап кеткен,
Қай манда еді, жастықтың сайран-белі?!

Таулар да тұр, баяғы бұлақ та бар,
Өзің жоқсың, бірақ та сыр ақтарар.
Іздемей-ақ қояйын сол орынды,
Аттанам ғой ақыры, жылап қалар…
Мұқағали Мақатаев

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *