Қыз болып ойнамадым қуыршақпен,
ерке еді мінезім де қыңырсоқтау.
Тайқитын дөкей деген балалар да,
“Бұл шатақ шығарады ұрынсақ”, — деп.
Қыздардай білмедім мен қылымсуды,
доп қудым балаларша трусимен.
“Осыным өзгелерден бөлектеу”, — деп,
сонда да аяулы ана қызын сүйген.
Сондағы бала мінез, қайсар қылық
көрмеген мені ешкімнен тайсалдырып.
..Болдым да саған ғашық ойда жоқта,
менде бір пайда болды байсалдылық.
Фариза Оңғарсынова