Тіл қатыстық.
Айттың сен ол ерекше ұнағанын,
сосын… сосын онымен кеткеніңді.
Мен қазбалап (қайтейін) сұрамадым,
кіналармын мұндайда текке кімді!…
Енді екеуіміз бөлекпіз,
былтыр бір ек!
Күдікті де мен сорлы ұмытқам-ды.
Демалысым жиілеп, бұлқып жүрек
көмейіме келді де тұрып қалды.
Не айтайын мен саған?
Аяғыңды құшып-ақ жалынар ем,
Жалыныштан махаббат орала ма?
Шығып кетпей тұр менің жаным әрең,
даяр да едім өлуге сол арада.
Айтарым жоқ.
Шамам да жоқ айтуға бүгін менің,
кете бардым қош деуге жарамастан.
Бар сезгенім — көшеде сүрінгенім,
сонсын сездім — айналып барады аспан.
Фариза Оңғарсынова