Сен бір албырт жігітсің


Сен бір албырт жігітсің, білемін мен,
бір нәзіктік еседі жүрегіңен.
Сен кірбіңсіз, көңілді болсаңдәйім,
жаным сая тапқандай жүремін кең.
Сен мұңайсаң, сан ойлар қоршап мені,
деп қаламын: “Жүр екен аңсап нені. . .”
Жалт етіп бір қараған
жанарыңнан
жан-күйіңді ұғамын сол
сәттегі.
Сен сырт көзге жігітсің көптің бірі,
байқалмайды қызбалық, өткірлігің.
…Бір ғажайып күш сенің
бойыңдағы жүрегімді
балқытып, төктірді нұр..
Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *