Кек
немесе келіншектің ызасы
Сұлу әйел бардан тәлтіректеп шықты да, жанындағы балаң жігіттің жағынантартып калды. Сосын жалғыз кетті. Хор (Иран) қаласы да, мен де оны үнсізкөзқараспен шығарып салдық…
Сен оның құшағында жаттың, жаным.
Мен болсам жалғыздықтың таттым зарын.
Шынымен кеткені ме көкірегіңнен
сонау бір ұмытылмас ақ түнгі әнің?
Сонда біз бақытты ек қой.
Шын емес пе?
өзің де балқып ең ғой бұла
кеште… Сондағы мені есімнен
жаңылдырған қалпыңды алып
жаттым жылап еске.
Сосын мен пәк сезімнен
жырақтадым. Айтпайтын болды
маған бұлақ та әнін.
Сонансоң қайта атпады тұман тұтып
өмірде күліп атқан бір-ақ таңым.
Әуелі есеңгіреп баттым мұңға,
бүл жайға талайды әлде тап қылдыңба?
өмірге мысқыл жүзбенкеттім еніп,
паршалапжүрегімді лақтырдым да.
Қалмады ерке қылық, ыстық жаным,
булығып ыза, кекке құштым бәрін.
Баяғы менше қайғы шеккендерді
ешқашан аямадым. Мысқылдадым.
Тигенде от құшақта ерінге ерін,
о, қандай жиіркенішті жерінгенің!..
Мен сол бір құшақтардан сенііздедім
және де сенде кеткенкегім менің,
алсам депжұрттан соны шегінбедім.
Жоқ бүгін менде ешқандай мұңның демі,
мақсатым, бар қиялым бұл күндегі —
мөлдірлік, пәктігімнің кегін алу;
тамырын қырқу тұрса қыр гүлдері.
Мейірім, сезім күтпе менен, адам,
өйткені өзің зұлым қылдың мені…
Фариза Оңғарсынова