Жүрсең де есімді алып, жүрдім тынып


Жүрсең де есімді алып, жүрдім тынып.
Жыл өтті.
Сонсоң сол кеш… күз кеші еді.
Қос жүрек бір бөлмеде мың бұлқынып,
бір-бірін іздеседі.
өзің ең арман көлде бақ құрағым,
тіл қатпай, тұл бойыңды кезіп тұрмын.
Осы кеш бір дауылға тап қыларын
өзің де сезіп тұрдың.
Мен іштей бір сезіммен арпалыстым,
жанарың жанарымда тұрып қалды.
Білмеймін қалай төндім… Тарта құштым,
содан соң дүниені ұмытқам-ды.
Жаным-ай, өзің бе бұл? Бармын ба мен?
Қанша күн бұл сәт жайлы өртеді үміт.
Кеудемді жанағанда балғын денең,
дуние кетті-ау деймін төңкеріліп.
Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *