Қадалып, іштей тамсана…

 

«Қадалып, іштей тамсана,

қайтесіз мені ұялтып.

Өртенсеңіз де қаншама,

мен үшін құрмет – сый артық.

Бетке алып өзен жағасын,

сырлассам, рас, сізбенен,

Жүрек те табар жарасым,

бағым ба ең әлде іздеген?!

Қадірлі туыс бол маған,

таппайын сізге баға да.

Жүректе мәңгі орнаған

бір тентек інің бар, аға!

Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *