Ғашық жайлы мұңды өлең

«“Ғашық жайлы мұңды өлең
жазба!” — дейсің. Ақылың.
Тұра қалып тілдер ем —
ұғар емес батырым.
Сүю — сезім улары,
татпақ түгіл — қайғысын,
ғашық болып туғалы
көрмепсің-ау, байғұсым!
Кетісудің кілті — егес,
қозғамайық ол жайлы.
Махаббатың — күлкі емес,
мұңсыз сүю болмайды «

Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *