Гобой


«Бөбектерім, күн, жүрегім,
менің алау гүлді реңім,
жүрегімнің діріліндей
нәзік, әсем үнділерім!
Сүттей сұлу сәулелерім,
сендер — әсем ән дегенім,
тірлігімді, өмірімді
бөледіңдер сәнге менің.
өмірімнің кілті — демім,
сендерсіңдер нұр тілерім,
қоңыр сазым — кірбіңдерің,
шатты әуенім — күлкілерің.
Аяулы әнім, әуендерім,
әуендерім — әлемдерім,
жүрегімде — сендерсіңдер,
жүрегімде — әлем менің.
өздеріңсіз үн тірілмей,
жанарыма күлкі ілінбей,
сендер менің тірлік әнім,
жүрегімнің лүпіліндей!
Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *