«Топталып тұрған жұртты жайпап еніп,
шақырдың биге қайта-қайта келіп.
“Мен сізді көптен көрем, сүйемдерді”,
айныттың жүрегімді, айтаберіп.
“Жоқ!” — дедім, ыза кернеп, тасыдым да,
Мазақ па әлде әзіл машығы ма?
…Досыммен биге айналып жүргенімде
жаңағы көзім түсті “ғашығыма”:
Қаншама болсаңыз да жаста қызба,
ойнауды махаббатпен тастаңыздар.
Әлгіде-ақ маған айтқан “жүрек сырын”
айнытпай ақтарып жүр басқа қызға.
Фариза Оңғарсынова