Бер маған домбыраны!



Жерітті мына жұрттың солғын әні!
Мен салсам аққу әнге, ілесе алмай
бәлсінген бозбалалар болдырады.
Тыңдасын Маралды елі,
әкетсін алыстарға самал желі,
әнімді топырағына сіңірейін,
мәңгілік қайталасын далам мені.
Домбырам үкіленген,
дауысы дара шығар бүкіл елден.
Саздарым — сандуғаш үн,жігіттің де
өзімдей өнерлісін күтіп ем мен.
Жасықтың күні де түн,
жалынсыз әнші құрысын, үні жетім!
Керімсал Керекудің аймағына
мен әннің көрсетейін құдіретін!
Тыңдағын, далам, бүгін,
жаңғырып жылғаларда қалар да үнім.
Жабығып жиһан кезген жалғыз марал
маңына қайта оралсын Маралдының.
Кеткендей түн ағарып,
әнімді серік етсін ұлан анық,
тыңдасын, нәзіктікке таңдай қақсын
арқаның ақпаны да тына қалып!
Тыңдасаң тымық таңда,
жаным — жаз, жүрегім — ән жыр ұққанға!
Шырқайын әз-әуенді, сонда менің
жаныма батыл келер жігіт бар ма?!
Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *