Басымды айналдырды-ау мұң аптабы…


«Басымды айналдырды-ау мұң аптабы,
еніп ем тәтті қиял құшағына.
Жаныма жақындамай жырақтады
арманым ақ сағымға ұсады да.

Жан, жүрек, ой, қиялым сендік еді,
зулайтын саған қарай үміт-кемем.
өн бойым хатыңа да елжіреді,
сенуші ем, болмайтын-ды күдік деген.
Көңілімнің арман туы
самалменен
қиын-ау қайта тағы желбірері…
Мөп-мөлдір сезімдерім саған деген
есейтіп жібергендей енді мені.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *