Ақтау түні


«Түн. Қала тұр.
Зәулім үйлері жанарын көктің жасырып,
заңғар таулардай етегі көктем, басы бұлт.
Теңіздің тылсым толқындарында түнгі оттар
қалады екен ақ маржандардай шашылып.
Асқаққаланың сұлулығына сұқтана
сұлу ай көктен қарайды мынау үйлерге әреңасылып.
Қол созым жерде қолдарын саған тұр бұлғап,
күміс күлкілі-ару толқындар сырды ұрлап.
Ну ормандардай қалғиды сол сәт қас қағып,
желегі жасыл бұлғын бақ.
Сезімізге сел боп жатасың сонда көз ілмей,
терезелерді жанап өткенде толқындар сырғыпсыңғырлап.
Көшелер тұнған желкілдеп тұрған жас шыбық
Кобзарь-ақынның көкірегінде кеткен жақсы үміт.
Жас қала тұр теңізге тосып кеудесін,
төбесін көктің көк күмбезімен бастырып,
барады ол асқақ болашақтарға қарыштап,
жастық пен достық, ұлылығынды мәңгі паш қылып!
Мұнараларда шамшырақ лаулап, жастықтың үнітынбастан,
ән қанатында қалықтайды екен түнгі аспан.
Адамның бәрі ақын боп кеткен бе-ау дейсің
болашақтармен сырласқан.
Дүние тұтас ән болып тербеп тұрғандай,
әр суреті — бір дастан.
Самғаса тынбай әлемді кернеп асқақ үн,
ән қанатында қалқыған шақта аспаным,
өмірге қайта ғашық боп кетеді екенсің
мың есе сүйіп туған жеріңнің жапырағын, әрбіртастарын.
Адамдар деген құдіретті күшке бас иіп сонда қастерлеп,
өлмейтін бір жыр келеді жазып тастағың!

Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *