Аяулы бейне

 

Клара Дмитриевнаға

«Сені іздеймін

шешілмей жүрген жұмбақтар бойда тұнғанда,

жас арман мені жетелегенде көп толғандырған

сырларға.

Қуанышым мен қайғымды дәйім алдымен саған ақтармай,

шәкірттік көңіл тынған ба?!

Қиындықтардан қиналмай аттап, саған келгенде

қысылдым -өзіңнен асқан шың бар ма!

Сені ойлаймын

көзім түскенде аласармайтын шыңдарға,

биіктер алда тұрғанда.

Мәуелеп өскен бәйтеректерді көрсем мен —

аяулы бейнең тұрды алда.

Мені ылғи саған бас игізетін қандай күш екен

сендегі -жылылық тұнған жанар

ма мына, қарапайымдау  тұлғаң ба?!

Өмірдің соқпақтарымен

арманды қуып, алыстап кеттім мен бөлек,

жаныма жақын

қимасым болған  қалды да бір жан елде ерек.

Мынау өмірден ізгілік көрсем, адалдық көрсем, мен ылғи

бас иіп өтем сен бедеп…

Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *