Айқас


«Әженің әңгімесі
Жаз қандай шіркін біздің Нарын құмда!
Ойнақтап шығады ерке сағым қырға.
Күн күліп тау шағылға асылғанда,
қосардай әрбір сұлу таңын жырға.
Жыңғылдар — шыршалы орман
тұрған тұнып,
жиекте шуылдайды қырға ұмтылып.
Тарихтың талай сырын ішке түйіп,
мекен бұл жатқан қанша жылдан сұлық.
Шілдеде Күн жайлайды көгін күліп,
жаппайды көк аспанның өңін бұлт.
Жайланып отырасың сым-жүйкені
тыныштық теңізіне шомылдырып.
Нарынның күйзелдірген елін жорық,
қаңғыртты байлар жұртты жерін қорып .
өткен-ді бір оқиға. Дәл сол жылы
түсіп ем осы ауылға келін болып.
Нұретбайтеңкелмейтінболыстажан,
мың-мыңдапжылқыменқойолұстаған.
Қалдырғанатасыныңмұрасындай
жайлауынМұңайтпастыңқоныстаған.
Ертемен бай ауылда бұл жұрт керім
білмедік неге мұнша дүрліккенін.
Ақ үйлер абыр-сабыр,әншейінде
ашатын сәске түсте түндіктерін.
— Бай қызы кетіпті ғой бүгін қашып!
— Не дейді, әй? Қыз емес пе еді
бұрын жасық?!
Жерошақ басындағы жалшы әйелдер
қояды үн шығармай сыбырласып.
Тап болды Нұрет сынды байға бір мұң,
О, Құдай, қызды бақпай,қайда жүрдің!
Бір түнде, амал қанша, бос қалыпты
қаңырап ақ отауы Айғанымның.
Бай отыр ашу кернеп, қашып төзім,
бұл кесел жанын қинап, жасытты өзін.
Бәйбіше үһлейді аласұрып,
ұшымен жаулығының басып көзін.
Ата-ана теңесе де балаға әлі,
қыз кетті, ел-жұртына қарамады.
Неістерге білмегендей, ақ боз үйге
бір кіріп, бір шығады ағалары.
Дейді әке: “Көмді-ау тірі мына мені”…
Қайтсін де, құлақтанбай тұра ма елі.
Ата-ана сүт кенжем деп әлпештеген
бес ұлдың ортасында шынар еді.
Көп болды қыз тағдырын ойланғалы,
қыз бірақ ерте дейтін той-қам жағы.
Қайтеміз, алабұртқан пәк жүректі
жиырма жас ұрлап алып қойған дағы!
Он жігіт атқа дереу кетті қонып,
бастады қыз ағасы Бекқұл оны.
Тал түсте бай қызына қолын салған,
япыр-ау, қандай жанның епті қолы?!
Көп екен көзбен көріп, білмеген де,
жау болды-ау қызды ауылға түн деген де.
Жалаңаш жатып ылғи жай тұратын
бай ауыл қалды осылай дүрбелеңге.
Кәдімгі жиырмасыншы жыл еді бұл,
жасарып жаңа өмірмен түледі қыр.
Әлі де байлар елде бақ түзеді,
әндесіп ақ бандымен тілегі бір.
Дабылыжаңғыртсада онжетінің,
Бүтіндепболғанжоққыркем-кетігін.
Шұбырғанақбандыныңқалдықтары
Биылжазбермейқойдыелгетыным.
Нарынның жорықтардан қашты реңі,
елде әлі жасақшылар тапшы да еді,
Манашта милиция бөлімінің
Қайыржан Молдағүлов бастығы еді.
Сәске түс. Құмдар қызып жалындады,
О, Нарын, қысың қарлы, жазың жалын
он шақты үй Қайыржанның ауылы еді
отырған Сартөбенің маңындағы.
ҚұмындабандыжүрдепБозалақтың,
Жетті ғой елге істеген азабы ақтың.
Соларды қапылыста ұстаймыз деп,
кеткен-ді бәрі аттанып азаматтың.
Төккенде күн сәулесін шашыратып,
құм жатты ыссылықтан басы қатып.
Ауылда жайбарақат бала біткен
отырды көлеңкеде асық атып.
Кенеттен дүбір шықты сатырлаған,
шамасы ат тұяғы-ау жақындаған.
“О не?” — деп үрпиісе тысқа шықты,
кеп қалды он бес шақты аттылы адам.
“Банды” деп ауыл түгел елеңдеді,
маңырап қозы-лақ та көгендегі.
Дабырлап келе жатыр, естіледі
“начальник”,“милиция”дегендері.
Жүздері сұсты ылғи атты кісі,
асынған қылыш, мылтық, жат жүрісі.
үлкендер бас шайқады көрді дағы,
“Бандылар болмағай, — деп, — тап мұнысы”.
— Дәндеген ақ әскерін олжа қылып
Біздің “дос” қайда— шықсын Молдағұлов!
Киіз үйге телмеңдеді қазақ-орыс,
паңданған қара торы жорға мініп.
Найзамен әйелдердің түртіп ішін,
мәз болып біреулері тұр күлісіп.
“Ә” десе, ажал төніп амал құрып,
тұрды ауыл адамдары күрсінісіп.
Жапырлап аттарынан түсті бәрі,
“Көре алмай жүр екен, — деп, -күштіні әлі!”
Қазанды қатық толы үйге әкеліп:
“Тәтті, — деп,—дос шарабы”, — ішті бәрі.
Төзіп көр мынау іске, болса шыдам,
жаны ашыр тым болмаса болсашы жан!
«»Қазанын қақыратты»» десін деп жұрт,
бір теуіп қақ айырды ортасынан.
-Біздерге салды балаң қандай ылаң,
түбі оны тірі айырам жан-жайынан.
ұлыңа арызыңды айтарсың, — деп,
кемпірді қойып қалды маңдайынан.
Анасы Қайыржанның Ақкенже еді,
көрмеген мыналардай жат пендені.
“Ақ дәмім жібермесін!” — деген кезде,
офицер қылышына тап бергені.
Жауыздың жаны қаннан тіксіне ме,
о, адам, мұндайларды күшті деме!
Әлгіде-ақ тілі сайрап сөйлеп тұрған
ұзыннан қақ бөлініп түсті дене!
Қыз-келін, кемпір мен жас өрендері
тұр мынау бұзықтардың боп ермегі.
Қолдарын артқа байлап шырылдатып,
желіге құлындайын көгендеді.
Ауылға ақылшы еді. өлді. Кетті.
үй ішін алқызыл қан көлдіретті.
Шошынған келін бала “шешем-айлап”,
жас тұнып жанарларын мөлдіретті.
Жарылып дене жатыр түскен сұлық
жоқ мынау қанішерге істер қылық,
Шуласып бала біткен, әйел жағы
егіліп жыласады іштен тынып.
Барлығын қырық шақты ең кемінде
жатқызды қойдай тізіп жерге, міне.
— Ойынды көрсетейік, — деп қояды,-
советтің милиционерлеріне.
Бас қосып “банды” деген тағыларың,
салуда ойға келген бар ылаңын.
Киіз үйін Қайыржанның сатырлатып
түсірді ортасына шаңырағын.
—Қалмасын, -деді офицер, — қимас мүлік,
кетейік жұртын оған мирас қылып!
Бөктерді аттарына үй біткеннен
бар тәуір дүниені жинастырып.
Шығысқа жөнеп берді банды қашып,
ала шаң ауыл үстін қалды басып.
Күңіреніп Сартөбенің бауырында
бір ауыл жатты осылай қан жыласып.»

«Айналамнан көре алмайпір тұлғаны
жүргенімде, кәсібім – құлқынқамы,
алмас қылыш жарқылдапжеті түнде
ұйқылы-ояу арымды тұр-тұрлады.
Қағылды ма жанымның содан шаңы –
тұрды алдымда қия құз, жол аршалы.
Тарттым сосын бетке алып бетпақтарды –
семсер жырдың қайда екен қорамсағы?!
Иә, Алла!
Ақты қорға,
армандарға бет алған сәтті қолда!
Намыс – ана денемді дуылдатып,
баба сөзі қамшыдай батты жонға.
Аруақтым нұсқаған Ақиқаттың
қиын-қыстау жолымен
тарттым онда!

Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *