Бірыңғай мүшелердің алдынан келген жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады. Салалас құрмаластағы біріне-бірі түсінік болып келген және өйткені, себебі деген жалғаулықтар түсіп қалып жасалған жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады. Төл сөздің алдынан келген автордың сөзінен кейін қос нүкте қойылады. Әрі қарай санамалап кететін бірыңғай сөздердің, сөйлемдердің алдынан келетін жалпылауыш мәнді сөйлемнен кейін кос нүкте қойылады. Бірыңғай мүшелерден бұрын келген мысалы, атап айтқанда деген қыстырма сөзден кейін қос нүкте қойылады.