Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады. Сұраулық мәнін ерекше көтеру үшін кейде бірыңғай мүшенің
әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылуы мүмкін. Автор мәселенің талас я күдікті екендігін көрсетіп, оқушының
назарын аударғысы келгенде, немесе бір пікірге келісе алмайтындығын білдіргенде, дәйексөздің ішінде белгілі бір сөзден не сөйлемнен кейін жақша ішіне алып не сұрау белгісін, не леп белгісін, не екеуін қатар қояды, кейде бір белгінің өзін екі-үш қайталап қояды. бұл, көбінесе, сынбиблиографиялық шығармаларда кездеседі: Осы сөйлемді аудармашы былай аударады: “Гүлді орамал жауып, төрт
таған столға қойылған суретке (?) телмеңдей қараған бадана көзінде еміне тіленген жалыныш, үміт болғандықтан, Левин соған қарауға да шошиын деді”. Мұнда аудармашы сөзге сөз тауып, сан жағын ғана сақтаған: ломберный стол – төрт таған стол (?), салфетка – орамал, образ – сурет (?), выражение – болғандықтан, устремленных – телмеңдей, в больших – бадана, страстная – еміне. (Ә.Нұрпейісов “Анна Каренинаның” аудармасы). IІоэмадағы кейбір олақ құрылған сөз тізбектері мен әсерсіз шумақтарды да айтпай кетуге болмайды: Еңбек – кеме, матрос – мен кемеде, Оны сүймек сыбаға пешенеме (?!) (Қ.Шаңғытбаев, “Ақын және өмір шындығы” )
Рабиға Сыздықова