СЫЗЫҚША

 

Сызықша бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылады. Сызықша бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қойылады. Алдында жалпылауыш сөзі бар бірыңғай мүшелерден кейін сөйлем аяқталмаса, ең соңғы бірыңғай мүшеден соң сызықша қойылады. Диалог төл сөздің алды-артынан (егер төл сөзден кейін автор сөзі тұрса), тырнақшаға алынған төл сөздің артынан сызықша қойылады. Сызықша жалғаулықсыз салаластардың арасына қойылады. Оңашаланған айқындауыш мүшелердің екі жағынан сызықша қойылады. Бірыңғай сұраулы мүшелерді немесе сұраулы сөйлемдерді жинақтап тұратын әйтеуір деген сөз түсіп қалған жерге сызықша қойылады: Ісінгендіктен бе, таяқтан әлсірегендіктен бе – денесі зілдей ауыр екен. (С.Мұқанов).

Оңашаланған айқындауыштың алдынан сызықша қойылады. Сонда, сонша, сондай, соншалық, сол, мынау, мынадай деген сөздерге аяқталған тіркестен кейін жеке сөйлем тұрса, бұл сөздерден кейін сызықша қойылады. Мекен, уақыт, сан шендестігін білдіретін сөздердің арасына сызықща қойылады (ол -дан жалғауы мен шейін шылауының мағынасын білдіреді): Мойынты – Шу темір жолы. Институтта күніне 6-8 сағат лекция болады. Машина сағатына 30-45 километрден жүріп отырып, жолдың жартысына келіп қалды. Бұларды белгісіздік-жалпылық және болжалдық мағынасындағы қос сөз сан есімдермен шатастырмау керек. Олар дефис арқылы жазылады: Кермеге төрт-бес ат қатар байланыпты (мұндағы төрт-бес болжалды сан есім). Екі-үш күннен бері жаңбыр жауып тұр (мұнда да екі-үш – болжалды сан есім).


Рабиға Сыздықова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *