ЛЕП БЕЛГІСІ

 

Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады.

Ерекше бір көңіл күйіне байланысты көтеріңкі дауыспен бұйыру, өтініш мағынасында айтылған сөйлемдерге леп белгісі қойылады.

Ұранды сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.

Ерекше көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздер мен жоқ, иә деген сөздерден кейін леп белгісі қойылады.

Ерекше мән бере көтеріңкі айтылған атаулы сөйлем сияқты сөздерден кейін де леп белгісі қойылуы мүмкін: “Иегі ителгінің тамағындай” деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық! Ділда!Мұның жары! (М.Әуезов.)

Сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін леп белгісі қойылады.

Рабиға Сыздықова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *