ТІЛЕК ТІЛЕУ

Ақ пұш! Ақ сиырдың сүтін іш! /кісі түшкіргенде айтылады/ /әзіл/
Ақ қас! Жәрекім алла, жарылқай гөр!/ түшкіргенде айтылады/
Ата бабаңның аруағы қолдасын!
Бағы жансын !
Бергенінен жазбасын!
Жұптарың жазылмасын! /жаңа отау тіккендерге/
Игілігіңе ки! /жаңа киім кигенде/
Игілігіңе ұста!/тұт/, /жұмса/ /жаңа зат алғанда/
Көш көлікті болсын!/көшкен кезде/
Күні көкте жүзсін!
Қосағыңмен қоса ағар! /үйленгендерге/
Құрбандығың қабыл болсын! /рамазан кезінде айтылатын тілек/
Қырман қызылды болсын! /егін орып, қырман бастырғанда
айтылады/
Қырман тасысын!
Қырқар көбейсін! (қой қырыққанда айтылатын тілек)
Ораққа береке берсін!
Өзің киіп, өзің тоздыр! /жаңа киім кигенде айтылатын тілек/
Өзің тоба, кимің тозсын! /жаңа киім кигенде/
Өмірің озғақ, киімің тозғақ болсын! /жаңа киім кигенде/
Саудаңыз күсет болсын! (Саудасы жақсы жүрсін деген тілек)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *