ШЕШЕН, ТАПҚЫР СӨЙЛЕУ

Ағып тұрған /сөзге/
Аттыға сөз, аяқтыға жол бермеу
Аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермеу
Қара сөзді қамшы қылу
Қызыл тілден май тамызған

Нақышына келтіріп сөйлеу

Орақ ауыз, от тілді

Өткір тілді

Сөз баққан

Сөзі мірдің оғындай

Сөзінің уыты бар

Су жорға

Су жықпас шешен

Су төгілмес жорға

Сылдыр көмей, жез таңдай

Топ жарған /шешен/

Топтан озған жорға

Топтан торғай шалдырмас

Тіл мен жағын безеу

Тілге бай

Тілге жүйрік //ұста
Тілдің майын тамызу //ағызу
Тілі мірдің оғындай
Тілін безеу
Тілінен бал таму

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *