БИЛЕП-ТӨСТЕП ОТЫРУ

Айдап өргізіп, иіріп жусату
Айрандай аптап, күбідей күптеу*(мақтану, мақтау)
Айтқанына көндіру, айдағанына жүргізу
Ашса алақанында, жұмса жұмырында
Бір шыбықпен айдау
Желкесіне міну
Екі аяғын бір етікке тығу*(ұрсу)
Екі үйге бір қазан астыру /тұрмыстан қысу/
Ерттеп міну
Көзін бақырайтып қойып /өктемдік/
Көзін жылтырату
Қамшысын үйіріп отыру
Қойдай жусату
Қойдай өргізіп, қозыдай көгендеу
Құрығы ұзын
Өзі би, өзі қожа /кекесін/
Мойнын бұрау
Мойнына ерттемей міну
Мойнына мініп алу
Тізгінін қолына алу*(жұмысты, істі)
Уысынан шығармау
Үстемдік ету //құру
Шырқ иіру

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *