Білектейғып иығына ілген бұрым.
(Досым сенің қызыңмен жүргем бұрын.)
… Тұншығып бір дем мұңым!..
Жүрегімді жазғырып жатыр бүгін,
Бір кездері түспеген жүлдем, құным.
Сені көрсем оны да көріп қалам,
Көріп қалам ішімнен өліп талам.
Тіршілік сөніп қараң!
(Жастығымды құшақтап таң атырған,
Жастығымғой ол менің көрікті,балаң.)
Бұрынғыдай жұқа өңді, қалың қасты,
(Жұқа ойды, қалың мұңды сағынбасты..)
Бойымнан қаным қашты!
Содан бері кез қылмай оған мені,
-Ұқсайтын таба алмадым қарындасты.
Мені көріп қызарып ол да қалад(ы)
(Ол сыйлаған бұзылған қолда сағат.)
Асығам жолға қарап.
Раушан гүлді сүйуші еді…,
-өзің берген,
-Құшағында розалар солмаған ақ.
Солмаған ақ сезімі қара шықтан,
Жанарлары жасқанды жара сұққан.
Ал енді қара сұқтан.
Сені келіп құшақтап, күлді маған,
Ақ жүзінен атқандай таласып таң.
Ішем дедім!,
-ақ емес,-түн сиясын.
Кеудеме күлкіңменен мұң құясың.
Тағдырдың зымзиясын….
Қарашы қара көзі қимай қарап,
Жүректің түбіндегі құйды жасын.
Бұрылып кете бардым бақыт тілеп,
Кінәләдім кінәсіз уақытты кеп.
Көңіліме батып түнек.
Кім ойлаған өкпешіл өткенімде,
Бір өлеңнің ғұмыры жатыпты деп.
Еламан Аманұлы.