Сағыныш сазы

Мен келгелі жылады аспан, жылады.
Тәңір нұры көктен жас боп құлады.
Маған солай әр тамшының исімен,
Сағынышым сені жоқтап тұрады.

Мен келгелі бәрі үнсіздік тұрағы,
Таусылмаған жұмбағы мен сұрағы.
Аялдама, жылан бауыр жолдарым,
Кімді күтіп күрсінісіп тұрады?!.

Мен келгелі күннің жүзі күлмеді,
(Жүз құбылып,ол көңілсіз жүрме-еді?!)
Бір кездері бақыт тілеп кеткен жан,
Шын бақыттың не екенін білмеді.

Менде келдім ,келді күзбен қараша,
Жанарына жас жұтылып қараса.
Аспан жатыр, түн әлемін тербетіп,
Қандай ғажап жалғыздықта тамаша!!!

Түзгі әйнекпен жүрек іштей жылайды,
Сен мұңайма!…
-«мұңайғаның ұнайды».
Мен келгелі,сен кетпедің ойымнан
Сен кеткелі жиі еске алам Құдайды.

Еламан Аманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *