70 жаспен құттықтау

Пәленше Түгеншеұлы, туған күніңіз құтты болсын. Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесіне жеткізді. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Адам баласының өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы 70 жастың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім.Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан сізге деген құрметіміз зор. Еңбекте қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып жүрсіз.
Құтты болсын жетпіс деген жасыңыз,
Сексеннің де сеңгірінен асыңыз.
Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,
Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз!
Тербеліп ән мен күйге жүзіңіз.
Тілек еттік шын жүректен бәріміз,
Әрқашанда көңілді кір шалмасын,
Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз!
Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілеймін! Ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *