ҚҰРМЕТТІ
Бәленбай Түгенбайұлы, 63 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 63 жасқа алып жетті. Адам баласының ұзақ өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы пайғамбар жастың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім.Міне, ортамызда аман-есен алтыншы асқардың шыңына қол созып отырсыз.
Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ Сіздің еңбек жолыңыз сан қырлы, шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздығыңызды шығармашылық жұмыспен ұштастыра білдіңіз. Еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан Сіздің саналы ғұмыр жолыңызды жастарға үлгі етіп, мақтан тұтамыз. Сіз өнегелі өмір сүріп, бақыттың бағында ұл-қыздарыңыздың қызығы мен қуанышына, немере, жиендеріңіздің сүйіспеншілігіне бөленіп, ағайын-туыс ортасындағы алтын көпірдей қадірлі қалпыңызды сақтап келесіз.
Шәкірттердің сезінумен арманын,
Ойлайтұғын білім-ғылым салмағын.
Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз
Әріптестің 63-ке толғанын.
Әрбір белес,әрбір асу,ол – біріз,
Қашанда да жақсылыққа сендіңіз.
Өмір-жолда шәкірттерге үлгі боп,
Міне,Сіз де 63-ке келдіңіз.
Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға амандық тілейміз!Сізге әрдайым мықты денсаулық, еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Әр күніңіз шуақты, денсаулығыңыз қуатты болсын! Егеменді еліміздің игілігі, мұрат мүддесі жолында биік белестерден көріне бергейсіз