Құрметті ………. Елбасымыз «Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім» дей отыра ҚР президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын жариялаған болатын. Аталмыш бағдарламаның «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлімінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы айтылады.«Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деп атап көрсеткен еді. Міне, кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» деген тақырыптағы парламенттік тыңдалымда латын әліпбиінің жаңа үлгісі таныстырылды.
Ақмола облысында латын әліпбиіне қатысты бірнеше іс-шаралар жоспарлануда. Біздің оқу орнында да жаңа әліпбиге қатысты тың бастамалар мен іс-шаралар өткізіледі. Осыған орай Сіз басқаратын ғылым ордасының латын әліпбиінің соңғы нұсқасы туралы пікірін тыңдауды жөн деп санаймыз. Соңғы ұсынылған нұсқаның Ел ішінде қатты талқыланып жатқаны белгілі. Сол себепті біз жоспарланған іс-шаралардың қандай әліпбиге бағыттала жүргізілетінін анықтау мақсатында сіздерден ресми жауап күтеміз.