(Әкім аты), Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесіне жеткізді. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Адам баласының өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы әр жастың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Өзінің өнегелі өмір соқпағында ел мен жердің мәселесін биік қойып, ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан сізге деген құрметіміз зор. Еңбекте қажыр-қайратыңыздың арқасында әлі де талай абырой биігінен көрінеді деп сенеміз!
Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілейміз! Ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспіз! Сізді облысымыздағы жастарымызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалықпайды деген сенімдеміз. Келешек ұрпақ үшін жасап жатқан жақсылықтарыңыз үшін шынайы қуаныштымыз. Күш-қуатыңыз ұзағынан болсын!