Жеңгені құттықтау

Жеңге жаны — әсемдіктің әлемі,
Мінсіз мінез — болар соның дәлелі.
Жанарында күлімдейді бақ сәуле,
Айтып жүрген әзілі де әдемі.
Артық түсер бір ісінен бір ісі,
Әр тірлігі — бүкіл елдің тынысы.
(Жеңге аты) десіп жатты бүгін құдалар…
Тойдың болар осы кісі ырысы.
Сондықтан да көңіл әр кез көктесін,
Жеңгелер мұңның сазын шекпесін.
Құдаларға үзілмесін әсем ән,
Жанарлардан бақ сәуле кетпесін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *