Сізді келе жатқан Жаңа жылыңызбен шынжүректен құттықтаймын. Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін асыға күтеміз. Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған 2019 Жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болды!Ширек ғасырлық шежіреміз бізді мерейлі жас Тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге танытты.Тәуелсіздіктен бастау алып жатқан тарихымыздың әр жылы ерекше екені баршаға аян. 2019 жылы мемлекетіміз көптеген іс-шараларды өз дәрежесінде өткізіп, бейбітшілік мақсатындағы әлемдік ахуалға өз үлесін қосып, саяси ықпалын кеңейте түсті. Мақсатымызды айқындаған, бағытымыз белгілеген«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданды. Елбасымыздың кемел саясатының арқасында біз қайта түлеудің айрықша маңызды процесін дер кезінде қолға алдық. Рухани жаңғыру бағдарламасы елімізді көркейту жолында таңдап алған бағытымыздың дұрыстығын тағы да бір дәлелдеп, азаматтарымыздың ертеңгі күнге, жарқын болашағымызға деген сенімін нығайтты.
Адам баласы жаңа Жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа Жылға көп үміт артады, бәрі ақ пейілмен асығатын айрықша мереке. «Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп» дейді халқымыз. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы Жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттап, Елімізбен бірге жаңа табыстарға жете берейік!Сізге мықты денсаулық, мемлекетімізді дамыту жолындағы еңбектеріңізге кәсіби табыс тілеймін. Алдағы келе жатқан жаңа жыл да отбасыңызға бақ-береке, әрбір игі істеріңізбен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болсын.