Достарды құттықтау

 

 

Жүректерді ізгілікке елең ғып,

Достар айтар әсем ән мен өлеңді ұқ.

Жақсы достар алғаш айтар тілекті,

Қуанышты құттықтауды  болып жұп.

 

Тілекші олар отау оты жанғанына,

Екі жастың қанат қаққан арманыңа.

(Досы) мен (қатының аты) құтты қонақ,

Қадірі артқан ауыл, ел, аймағына!

 

Қайта ақтарып өмірдің парақтарын,

Іздейді олар достықтың  ақ таңдарын.

Өмірдегі  еске алып қимастарын,

Түгелдер осы тойда жоғалтқанын.

 

Достық-көңіл тілекпен толар да анық,

Кеуделерге той сәні қонар барып.

Қауыштырып бұл тойда жаңа достар,

Көтерілсін көңілдер, күндер жарық!

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *